Қаржы • 12 Қазан, 2022

Күндіз теңге бағамы әлсіреді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 477,89 теңгені құрап, тағы 2,66 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Күндіз теңге бағамы әлсіреді

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,45 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы біршама көтеріліп, 66,85 теңгені (+0,93) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 460,65 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 477-480 теңгеден, еуроны - 465-470 теңгеден, ресей рублін - 6,9-7,2 теңгеден сатып алады/сатады.

Айта кетсек, бүгінгі сауда-саттық барысында мұнай бағасы төмендеді.

Мәселен, Brent маркалы желтоқсан фьючерстерінің құны 0,49%-ға төмендеп, барреліне 93,83 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,63%-дан 88,79 долларға дейін төмендеді.