Экономика • 11 Қазан, 2022

Шағын және орта бизнестің дамуы оң нәтиже көрсетуде - Ә.Қуантыров

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​​2012-2021 жылдар аралығында Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму серпіні оң нәтиже көрсетіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шағын және орта бизнестің дамуы оң нәтиже көрсетуде - Ә.Қуантыров

«​​2012-2021 жылдар аралығында Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму серпіні оң нәтиже көрсетіп отыр. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 17%-ға өсіп, 33,5%-ға жетті.  Шағын және орта бизнестің өнім шығаруы 5 есеге артып, номиналды мәнде 42,8 трлн теңгеге жетті. Жалпы ішкі өнім 2,5 еседен астам өсімді құрап, 2021 жылғы көрсеткіш 82,2 трлн теңгені құрады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы саны 75%-ға өсіп, 1,4 млн субъектіге жетті.  Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 45%-ға өсіп, 3,5 млн адамға жетті», деді Ә.Қуантыров

Министрдің айтуынша, 2012 жылы еліміздің жалпы несие қоржынындағы шағын және орта бизнес қарыздары шамамен 15% немесе 1,5 трлн теңгені құраса, 2021 жылы шағын және орта кәсіпкерлік кредиттеу айтарлықтай өсті және 5,7 трлн теңгеден астам сомаға немесе 27%-ға жетті.

«Соңғы 10 жылда мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өнім шығару көлемі 53 трлн теңгені құрады, бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің жалпы өнім шығаруының 23%-ын құрайды. Бүгінде Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алушылар шамамен 118 мың адамды немесе жұмыспен қамтылған шағын және орта кәсіпкерлердің 3,4%-ын жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді», деді Ұлттық экономика министрі.