Спорт • 10 Қазан, 2022

Армия спортшылары самбодан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы «Маңғыстау-аренада» спорттық және жауынгерлік самбодан Азия кубогына халықаралық жарыстар өтті. Онда 9 елден 200-ге жуық спортшы күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армия спортшылары самбодан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Турнирге Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының өкілдері де белсенді қатысқан.

«Жарыста әскери спортшылар 4 медаль жеңіп алды. Өз салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ефрейтор Арнұр Қуатай, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы спорт ротасының жауынгерлері Әсет Анарбаев пен Есентай Имаханов жеңімпаз атанса,  Жасұлан Нариманов екінші орынды иеленді», деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы өкілдерінің жетістіктері Қазақстан құрамасының турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңіске жетуіне елеулі үлес болды.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20