Елорда • 10 Қазан, 2022

Астаналықтар өздерінің сайлау учаскесін қалай таба алады

805 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді бірнеше тәсілмен онлайн ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астаналықтар өздерінің сайлау учаскесін қалай таба алады

Астана қаласының әкімдігі сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі тәсілдермен алуға мүмкіндік береді:

  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
  2. Telegram желісіндегі арнайы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot
  3. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.

«Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, аталған сайлау учаскесінің аумағында тіркелу фактісі негіз болып табылатынын атап өту маңызды. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электрондық үкімет» порталы «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет», делінген хабарламада.