Медицина • 10 Қазан, 2022

Қазақстанда медициналық пойыздардың жұмысы қайта жанданды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында елімізде медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда медициналық пойыздардың жұмысы қайта жанданды

«Шалғай ауылдардың тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында көлік медицинасы дамыған. Көмек және консультациялық-диагностикалық қызмет көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді», деді Ажар Ғиният.

Еліміздің 10 өңірінде, атап айтқанда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстарындағы 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды. Медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі, оның ішінде 20 ұшақ пен 13 тікұшақ жүзеге асырады.

Министрдің айтуынша, жедел медициналық көмек көрсету үшін ауылдарда 595 бригада жұмыс істейді. Олар осыған дейін 1,5 млн шақырылымға шығып, қызмет көрсеткен.