Келіссөздер барысында Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының көлемін $3 млрд-қа дейін, оның ішінде агроөнеркәсіп кешені саласында $1 млрд-қа дейін ұлғайту мүмкіндігіне баса назар аударылды. Келіссөз нәтижесінде жақын арада Иранның ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары бастаған карантин және ветеринариялық сертификаттар саласындағы ирандық сарапшылар іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу үшін Қазақстанға келетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Махди Сафаримен екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру аясында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 өңірде ауа райы бұзылады - синоптиктер
Ауа райы • Кеше
Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Домбыраны серік еткен Дильноза
Қоғам • Кеше