Президент • 05 Қазан, 2022

Қарағанды облысының өңдеу секторы 80 пайызды құрайды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу секторының үлесі 80 пайызды құрайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қарағанды жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысының өңдеу секторы 80 пайызды құрайды

«Облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу секторының үлесі 80 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша аймақ көш бастап тұр. Сондай-ақ осы бағытты одан әрі дамыту үшін облыстың мүмкіндігі мол.

Биылғы шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу саласындағы инвестициялық жобалардың пулын жасақтау жұмыстарына баса мән беру қажеттігі туралы айттым.

Күрделі геосаяси ахуалға және әлемдік экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты отандық экономиканы әртараптандырудың маңызы одан әрі арта түседі», деді Президент.

 

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025