Елорда • 05 Қазан, 2022

Елорданың әлеуметтік нысандарына газ тартылды

157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің газға қосылу барысы жайында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданың әлеуметтік нысандарына газ тартылды

Бүгінде елорданың елді мекендеріндегі бірқатар әлеуметтік нысан автономды жылу көздері арқылы, яғни, көмір немесе бірнеше есе қымбат дизель отыны арқылы жылытылып келеді.

«20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13 нысаны газға ауыстырылды, қалған 7 нысан бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында елді мекендердегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді жылытқан 3 аудандық жылу қазандығы да бар. Бұл объектілерді газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асады. Мысалы, бұрын №40 мектеп дизельдік отынмен жылытуға жылына 160 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаса, газбен бұл сома шамамен 4 есеге азайды. Ал, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үнемдеуі жылына 60 миллион теңгеден асады», деп жазды қала әкімі.

н,е

Осы тұста Алтай Көлгінов үйлерін газға ауыстырған Көктал-1 ауданының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың айтуынша, енді көмір сатып алудың, күлді тазалаудың, үйде күні бойы отынды қадағалаудың қажеті жоқ.

«Күн сайын газға қосылған үйлердің саны артуда. Бүгінгі күні газға 6 мыңнан астам үй қосылды. Сарыарқа және Алматы аудандары газбен толық қамтамасыз етілді. Ол үшін 680 км астам газ тарату желілері салынып, орамішілік желілер жөнделді. Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын салу жұмыстары жүргізілуде (2023 ж. орамішілік желілер). Осы жылы аудан қазандықтарына «Тұран», «Тельман» және «Ильинка» (Үркер), «Өндіріс», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Garden Village» шағын аудандарына газ тарту желілерінің құрылысы басталды. «Шұбар» шағын ауданында жобалау жұмыстары жүргізілуде», деп қосты Алтай Көлгінов.

н

Қала әкімі тұрғын үйлерді газға қосуды жеңілдету үшін бірқатар шара қабылданғанын атап өтті.

«Мәселен, үйлерді газға қосу үшін құжаттар тізімін екі есе қысқарттық, халықтың мұқтаж санаттарына бөлетін соманы екі есе ұлғайттық (430 мыңға дейін), газды есептеу аспаптары (есептегіштер) тегін беріледі, үйді газдандыру үшін бөліп төлеу және банктер арқылы пайызсыз несие беру мүмкіндігі қарастырылады. Елорданы газдандыру Мемлекет басшысының бақылауында. Газдандыру қаланың экологиясын едәуір жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

н