Оқиға • 04 Қазан, 2022

Техникалық ақау салдарынан көлік жүргізушісі мерт болды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда жол апатынан 23 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Техникалық ақау салдарынан көлік жүргізушісі мерт болды

3 қазан күні кешке Абай-Арыстанбеков көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан Kia Cerato көлігінің 23 жастағы жүргізушісі қайтыс болды.

«Алдын ала болжам бойынша, апатқа алдыңғы оң жақ дөңгелектің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған. Техникалық ақаудың салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соқтығысқан. Жүргізуші қаза тапты, үш жолаушы қатты жарақат алған жоқ», делінген Қостанай қалалық полиция департаментінде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025