Оқиға • 24 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйек күні сағат 22:20 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды
- Екібастұз қаласының Энергетиктер көшесіндегі жанармай бекетінің жанында «Toyota Camry 30» маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі «Toyota Camry 55» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Camry 30» көлігінің жүргізушісі алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деді департаментте.

Полиция түрлі жарақаттармен ауруханаға тағы 4 зардап шегуші жатқызылғанын айтты. Олар: «Toyota Camry 30» көлігінің 2001 жылы туған жолаушысы, «Toyota Camry 55» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі және оның 1988 және 1976 жылдары туған екі жолаушысы.

Оқиғаға қатысты сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03