Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2022

Қазақстан C5+1 форматында кездесу өткізгісі келеді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен С5+1 форматында сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Қазақстан C5+1 форматында кездесу өткізгісі келеді

Тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ өңір елдері мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.

Кездесуге қатысушылар арадағы уағдаластықтарды  іске асыруды қамтамасыз етуге арналған С5+1 Виртуалды хатшылығының іске қосылуын құптады.

М.Тілеуберді өз сөзінде өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ішкі өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан өңірлік қауіпсіздік, климаттық өзгерістердің жағымсыз салдарына қарсы іс-қимыл жасау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және адами капиталды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуге барынша күш салады», деді еліміздің СІМ басшысы.

Іс-шара соңында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы келесі министрлік кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше