2022 жылдың 21 қыркүйегінде Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Е.З.Мараимовке, камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.М.Ағабекке, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Е.С.Турсунбековке және «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС-ның құрылтайшысы К.К.Кожахметовке қатысты үкім шығарды.
«Жоғарыда аталған адамдар «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз ретінде танылуына ықпал жасау үшін пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу деректері бойынша айыпталған. Сот үкімімен Е.З. Мараимовке қатысты 8 жыл мерзімге, А.Ағабекке қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге, К.Кожахметовке қатысты 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша Е.С. Турсунбековке қатысты 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген ANTIKOR хабарламасында.
Сотталғандар мемелекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылғаны қоса айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран халқына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 13:30
«Ońtústіk» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Президент Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Су тасқыны: Ерекше күтімді қажет етушілер эвакуацияланады
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады - синоптиктер
Ауа райы • Бүгін, 12:53
Балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 12:48