Оқиға • 22 Қыркүйек, 2022

Өскеменде есірткі қолданған жігіт «Сергекке» түсіп қалған

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтаған деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстады. Құқық бұзушы «Сергек» кешенді камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде есірткі қолданған жігіт «Сергекке» түсіп қалған

Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут өткен соң оқиға орнына тәртіп сақшылары келген. Полицейлерді көре салысымен жас жігіт қолындағы заттарынан құтылуға асыққан. Бірақ ойындағысын іске асырып үлгермеді.

Сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде қала тұрғыны есірткіге масаң күйде болған.

«Полицейлер жас жігіттен фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған қағаз ораманы тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Марихуананың жалпы салмағы - 1,51 грамм.