Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022

Ұлытауға жүрдек пойыз апарады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 1 қыркүйектен бастап Астанадан – Шымкент бағытында қатынайтын № 86/85 «Тальго» пойызы іске қосылған болатын.

Ұлытауға жүрдек пойыз апарады

Енді Астана – Жезқазған бағытын­да­ғы №65/66 жаңа пойызы ел астанасынан Ұлытау бағытына күн сайын қатынайтын болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Жаңа по­йыз жұп күндері Астанадан, тақ күн­дері Жезқазғаннан жөнелтіледі. ҚТЖ хабарлағандай, «Тальго» по­йы­зында 344 орын бар. Ва­гон­дар ауа баптау жүйесімен және био­дә­ретханалармен жабдықталған. Әр купеде розеткалар бар және жол бо­йын­­да жолаушылар фильм көріп, муль­тимедиялық Vputi.kz. порталынан әуен­дер тыңдай алады.

Сонымен қатар жолаушылардың вагон-мейрамхана қызметтерін пай­да­лануға мүмкіндігі бар. «Гранд» және «гранд PMR» класты вагондарда (мүм­кін­дігі шектеулі адамдар үшін) душ кабиналары да қарастырылған.