![Қазақстандық балуан Сербияда қола жүлдеге таласады](/media/2022/09/18/7ac22f28-b732-4b12-bf2f-0aa7430c66e7.jpeg)
Алғашқы жекпе-жекте Оспанов Молдова өкілі Виталий Буничиді 4-1 есебімен жеңді. Турнирдегі екінші матчта қазақстандық былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қырғызстандық Әлібек Осмоновты 6-3 есебімен таң қалдырды. Алайда ширек финалда Оспанов ирандық Рахман Амузадхалилиге 2-13 есебімен есе жіберді.
Ирандық балуан финалға шығып, қазақстандыққа жұбаныш турнирінде таласуға мүмкіндік берді.
Енді Оспанов алдағы жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда турнирдің қола медаліне үміткер бола алады.