Хоккей • 13 Қыркүйек, 2022

Бүгін «Барыс» кезекті ойынын өткізеді

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының матчы өтеді, онда «Барыс» өз алаңында Челябинскінің «Тракторын» қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін «Барыс» кезекті ойынын өткізеді

Матч елорда уақытымен 19:30-да басталады. Ойын барысын KazSport және KHL TV телеарналарында тамашалауға болады.

Еске сала кетсек, «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатының басында «Динамо», СКА, «Витязь» және «Сочиден» ұтылып, төрт рет жеңіліс тапты. 

«Барыс» пен «Трактордың» соңғы кездесуі өткен жылдың қараша айында өткен. Сол кезде елордалық клуб овертаймда 4:5 есебімен жеңіліп қалды.