Медицина • 12 Қыркүйек, 2022

ПІБ медициналық орталығында «нейрохирургтың тегін кеңесі» акциясы өтеді

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

ҚР ПІБ медициналық орталығында «нейрохирургтың тегін кеңесі» акциясы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПІБ медициналық орталығында «нейрохирургтың тегін кеңесі» акциясы өтеді

Әр сенбі сайын сағат 11.00-13.00 аралығында Медициналық орталық ауруханасының нейрохирургтері пациенттерді тегін қабылдайды. Акция емделген жағдайлардың санын арттыруға және аурухананың нейрохирургиялық бағытын дәріптеуге бағытталған.

«Біз сенбі сайын қабылдаудың кезекшілік кестесін құрдық, бұл бойынша 2 сағат тегін кеңес береміз. Сондай-ақ сенбі күні дәрігерге қаралу жұмыс істейтін халық үшін ыңғайлы уақыт», деді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирург-дәрігері Азат Шпеков.

Бұл акция орталық және перифериялық жүйке жүйесінің әртүрлі аурулары бар адамдарға көмек көрсету мақсатында өткізіледі (ми тамырларының аурулары, остеохондроз, дискілердің протрузиялары мен грыжалары, ми ісіктері, гидроцефалия, Мойямойя ауруы, гидроцефалия, мальформация Киари, фармакорезистентті эпилепсия, үш тармақты жүйке невралгиясы, гемифациалдық түйілу, құлақтағы шу, Паркинсон, бас аурулары).