Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

БЖЗҚ қазақстандықтардың шотына 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берілген 1 330 675 өтінішті орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ қазақстандықтардың шотына 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды

Уәкілетті оператор банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Бір жолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 2,4 млн теңгені құрады.

Ең көп орындалған өтініштер Алматы (17,61%), Нұр-Сұлтан (14,02%), Маңғыстау облысының (10,35%) тұрғындарына тиесілі.

Айта кетсек, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 452,5 млрд теңге қайтарылды, себебі бұл салымшылар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Сондай-ақ БЖЗҚ жалпы сомасы 305,2 млрд теңгеге 391 042 емдеу өтінішін орындады. Салымшылардың ЖЗШ-на БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан 31,5 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.