Хоккей • 06 Қыркүйек, 2022

«Барыс» екі матчта жеңіліс тапты

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының матчында қазақстандық «Барыс» командасының хоккейшілері санкт-петербургтік СКА-мен сырт алаңда ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Барыс» екі матчта жеңіліс тапты

«Барыс» жаттықтырушысы Андрей Скабелка келесі құрамды шығарды: Шутов (Бояркин) — Бекетаев-Грэм, Савицкий-Вей-Луис; Биграсс-Шалапов, Михайлис-Сагадеев-Шестаков; Мищенко-Григорьев, Асетов-Гурков-Петухов; Семин-Қайыржан, Рахманов-Гусейнов-Шайхмедденов.

Бірінші кезеңде қақпаларға шайба тимей өтті. Екінші кезеңде алаң иелері қақпаға екі рет шайба түсіре алды. Оған Линден Вей жауап берді. Кездесудің соңғы жиырма минутында ресейлік спортшылар өздерінің жетістіктерін бекітті. Есеп 3:1 болып, матч ресейліктердің жеңісі мен маусымның басындағы қазақстандықтардың екінші жеңілісімен аяқталды.

Енді 7 қыркүйекте отандастарымыз сырт алаңда подольскінің «Витязімен» ойнайды.