Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысы әкімдігі жанынан Ақпараттық штаб құрылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров  Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысы әкімдігі жанынан Ақпараттық штаб құрылды

«Штабтың жұмысын Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғәуез Нұрмұхамбетов басқарады. Құрамына Төтенше жағдайлар департаментінің, Ішкі істер департаментінің, Прокуратураның және Қостанай облысы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ жұмысқа тартылған өзге де мемлекеттік органдар кірді.

Ақпараттық штаб аймақтағы жағдай туралы жедел және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл үшін штаб өрт сөндіруге, адамдарды құтқару мен эвакуациялауға, зардап шеккендерді жаңа орындарға орналастыруға, құқықтық тәртіпті және азаматтардың мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге тартылған мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратты үйлестіру өкілеттігіне ие», деп жазды Асқар Омаров.

ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметі Қостанай облысы Ақпараттық штабына толықтай көмек көрсетуде, оның ішінде әдістемелік қолдау да берілуде.

Анықтама ретінде, штаб Қостанай облысы бойынша төтенше жағдай кезеңінде және жағдай толық тұрақталғанға дейін жұмыс істейді.

БАҚ өкілдері жедел ақпаратты Ақпараттық штабқа хабарласу арқылы ала алады, жауапты қызметкердің ұялы нөмірі 8 (777) 796 00 50.