Оқиға • 01 Қыркүйек, 2022

БҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстанда бір күнде екі жол көлік-оқиғасы болды. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

БҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

Оқиға 31 тамызда таңғы сағат 06.00 шамасында Озинки – Орал автожолының 10-шақырымында орын алған. 34 жастағы жүргізуші Ford Fusion жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай 40 жастағы азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Екінші оқиға сол күні сағат 07.55 шамасында Самара – Шымкент автожолының 446 км-де болған. 46 жастағы жүргізуші Daewoo Matiz көлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 46 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30