Білім • 01 Қыркүйек, 2022

Асхат Аймағамбетов Білім күнімен құттықтады

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов Білім күнімен құттықтады

«1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бұл - ерекше эмоцияларды тудыратын мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл - бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке», деді А.Аймағамбетов.

Сондай-ақ ол 7,6 мың мектепте 3,7 млн баланы қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі арқасында алғысқа бөленіп келе жатқан ұстаздарымыз оқытатынын атап өтті.

«Биыл 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Олар алғашқы әліппелерін қолына алып, білім әлеміне қадам басады. Бұл - мектеп бітіруші 170 мың түлек үшін де айрықша күн. Өйткені түлектер қорытынды емтихандарға, университеттерге түсуге және өмірдегі жаңа кезеңнің басталуына дайындалады. Ол ыңғайлы болуы үшін былтырдан бері ҰБТ тапсыру рәсіміне бірнеше артықшылық енгізілді. Яғни бұл - ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға және грантқа түсуге 2 мүмкіндік. 7,6 мың мектепте 3,7 млн баланы қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі арқасында алғысқа бөленіп келе жатқан ұстаздарымыз оқытады», деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025