Оқиға • 30 Тамыз, 2022

Павлодарда бірнеше көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда бірнеше көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда бірнеше көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

Куәгерлердің айтуынша, метро дүкенінің аумағында «Volkswagen» көлігінің жүргізушісі «Lada Priora» көлігімен соқтығысқан. Содан кейін жанамамен ол тағы екі көлікке соғылып, бірнеше рет аударылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау 29 тамыз күні сағат 22:15-те түскен.

«Жол апатынан 25 жастағы екі жігіт жарақат алды. Оның бірі сол жерде қаза тапты. Екіншісі алған жарақаттарынан бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.