Оқиға • 29 Тамыз, 2022

Air Astana ұшағының қозғалтқышына құс соғылды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың екі қозғалтқышына құстар кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Air Astana ұшағының қозғалтқышына құс соғылды

«28 тамыздан 29 тамызға қараған түні Airbus A320 ұшағы KS955 Алматы-Нұр-Сұлтан рейсін орындады. Қону қалыпты режимде өтті. Экипаж мәліметінше, ұшақ қонуға жақындаған кезде екі қозғалтқышқа құс кіріп кеткен. Ұшудан кейінгі тексеру қозғалтқыштарға құстардың соғылғанын растады», делінген әуе компаниясының хабарламасында.