Үкімет • 27 Тамыз, 2022

Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтатады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kzҮкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтатады

Қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қарады.

Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады.

Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды.