Елорда • 22 Тамыз, 2022

Астанада Сығанақ көшесі жөндеуге жабылды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жол жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада Сығанақ көшесі жөндеуге жабылды

Сауран көшесінен Қазақ телерадиосы көшесіне дейінгі учаскеде (Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс) автожол 22 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жабық болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.