Әлем • 20 Тамыз, 2022

Индонезияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезия денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мохаммад Сиахрил пациенттің стационарлық емдеуді қажет етпейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Индонезияда маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы расталды

Antara ұлттық агенттігінің хабарлауынша, Джакартада тұратын 24 жастағы жігіт маймыл шешегімен ауырып қалған.

Науқас жақында шетелге саяхаттап, дененің кейбір бөліктерінде қызба және бөртпе сияқты белгілерді сезінгені анықталды. Сонымен қатар, науқаста көкбауырдың ұлғаюы байқалды.

«Бүгін бізде маймыл шешегінің алғашқы ресми расталған жағдайы бар. Науқастың бетінде, алақанында, аяқтарында бөртпе бар. Қазір оның жағдайы жақсы», деді Мохаммад Сиахрил.