Аймақтар • 19 Тамыз, 2022

Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Щучинсктегі ойын алаңында 9 жастағы бала жарақат алды

Естеріңізге сала кетейік, оқиға биыл 17 тамызда Щучинск қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірдің кесірінен жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған фактіге қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу аясында аталған балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025