Қазақстан • 10 Тамыз, 2022

Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов Байқоңыр ғарыш айлағында кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды

ҚР ЦДИАӨМ басшысы Роскосмостың жаңа басшысын осы қызметке тағайындалуымен және бортында 17 ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1б» зымыранының сәтті ұшырылуымен құттықтады.

Кездесу барысында  қос тарап «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылап, алғашқы ұшырылым сынағының мерзімін 2024 жылға шегеру қажеттігін айтты.

Кездесуге ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай қатысты. Тараптар Союз-5 зымыран-тасығышы мен жерүсті кешенін жасау жұмыстарының кестесін өзара сәйкестендірді. Ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында нормативтік-құқықтық базаларды дамыту мәселесі қарастырылды.

Сондай-ақ Бағдат Мусин Роскосмос басшысымен Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамыту туралы сөйлесіп, туристерді кешенге өткізу тәртібін онлайн жүйе арқылы жеңілдетуді ұсынды.

«Цифрлық форматта онлайн кіру жүйесін қолдану арқылы «Байқоңыр» кешеніндегі туризмді дамытуға болады», деді Бағдат Мусин.