Оқиға • 08 Тамыз, 2022

Қостанай облысында жоғалған баланы іздеуге тікұшақ қосылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында жоғалған бес жасар қыз тікұшақтың көмегімен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жоғалған баланы іздеуге тікұшақ қосылды

«Жамбыл ауылында жоғалып кеткен бес жасар қызды іздеу жұмыстары тікұшақ арқылы жүргізілуде. Дәл осы уақытта біз қыздың анасымен аумақты айналып шолып жүрміз», деді Қостанай облысы ІІД полиция басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков Facebook желісіндегі парақшасында. 

Сонымен қатар ол іздеу жұмыстарына атсалысып жатқан ерікті азаматтар барын айтты. 

«Бірінші минуттан-ақ еріктілер, ауыл тұрғындары, жай ғана қамқор адамдар полицейлерге көмек көрсетіп жатыр. Бұл үшін сіздерге ең алдымен әке ретінде алғыс айтамын. Бүгін бәріміз бала үшін алаңдаулымыз. Біз оны табу үшін бар күшімізді саламыз. Іздестіру жұмыстарының барысы туралы хабарлап отырамын», деді Е.Омарбеков.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025