Өнер • 08 Тамыз, 2022

«Қазақконцерт» өңірлерде концерт береді

533 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан» атты жаңа жобаны бастайтынын мәлім етті. Жоба аясында еліміздегі басты концерт ұйымының солистері осы жылы Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандары мен моноқалаларында концерттер береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақконцерт» өңірлерде концерт береді

«Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан» жобасы 2022-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңмен іске асырылады. Жобаның мақсаты - өңір тұрғындарына мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердегі шығармашылық ұжымдар мен артистерді қолдау, еліміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеу.

3

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, Алаш қозғалысының орталығы болған Абай облысының орталығы Семей қаласы, халқымыздың қаншама ұлы тұлғасы дүниеге келген киелі өңірді жаңғырту экономикалық қана емес, мәдени-рухани маңызға ие. Сондықтан гастрольдық маусымды осы киелі өңірден бастамақшымыз», деп атап өтті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова елордада өткен баспасөз мәслихатында.

2

Гастрольдік концерттердің шығармашылық құрамында «Қазақконцерттің» солистері: Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Азамат Жылтыркөзов, Медет Чотабаев, Салтанат Ахметова, Жанна Орынбасарова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Ардақ Елеусіз, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайберген, Әлібек Әлмадиев, Әйгерім Алтынбек, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық.

«Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан» жобасының ресми басталуы осы жылдың тамыз айына жоспарланған.