Қоғам • 08 Тамыз, 2022

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір жылда үй бағасы шамамен 25 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады

«Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8% артты», деп атап өтті бюро өкілдері.

Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттаған. Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%).

«Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4% жоғарылады», делінген бюро хабарламасында.