Оқиға • 07 Тамыз, 2022

Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кубаның Матансас портындағы мұнай базасында болған жарылыс салдарынан 77 адам зардап шекті, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды

Куба ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі «Матанзас супертанкер базасы» деп аталатын мұнай сақтау қоймасында жарылыс болды. 

Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, найзағай порттағы жанармай сақтайтын цистерналарға түскен. Салдарынан өрт ұшқындап, жарылыс болған.

Оқиға кезінде 77 адам жараланып, 17 өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалған.

Порттағы 8 цистернаның 4-еуі жарылған. Өрт әлі де жалғасуда. Қатты жел салдарынан өртті сөндіру әзірге мүмкін емес. Қалың түтін Гавананың астанасына жетті.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025