Оқиға • 04 Тамыз, 2022

Ақтауда 3 жігіт суға кетті

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудан 43 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында үш адам суға батып, көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда 3 жігіт суға кетті

«3 тамызда сағат 16:38-де Түпқараған ауданы «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында 3 адамның суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол жердегі тұрғындар 31 жастағы ер адамды құтқарған. Бірақ ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал құтқарушылар 35 және 31 жастағы азаматтардың мәйітін судан алып шықты», делінген баспасөз мәліметінде.

Жігіттер рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Жалпы шомылу маусымы басталғалы өңірде 10 адам суға батып, қайтыс болған. Оның біреуі – жасөспірім.

Осы жағдайларды ескере отырып, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше