Спорт • 30 Шілде, 2022

Қазақстан шахматшылары олимпиаданы жеңіспен бастады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан шахматшылары олимпиаданы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қазақстан шахматшылары олимпиаданы жеңіспен бастады

Қазақстанның шахматшы қыздар құрамасы Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиадада осымен екінші мәрте жеңіске жетті. Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген. Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті.

Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады. Ерлер құрамасы Тәжікстанның жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5. Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді.

Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.