Әлем • 29 Шілде, 2022

Иранда табиғи апаттан 24 адам қаза тапты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Тегеран провинциясында су тасқыны мен сел құрбандарының саны 24-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық дағдарысты басқару орталығының басшысы Хасан Намиге сілтеме жасап.

Иранда табиғи апаттан 24 адам қаза тапты

Оның айтуынша, ел астанасының шығысындағы Вескаре ауылында бір адам қаза тауып, 14 көлік су астында қалған. Ал Мерздаран ауылында жағдай тіпті қиын. Ол жақта үйлер су астында қалды. Көшкін әлі жүріп жатыр.

Нами бұл ауылда алты бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, із-түзсіз жоғалғандар бар екенін атап өтті. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. 

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Мұртаза Мурадипур ел астанасының солтүстік-батысындағы Имамзаде Давуд ауылында бірнеше адамның қаза тапқанын мәлімдеген. 

Ауылдың 700-ге жуық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір аймақ инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.