Әлем • 27 Шілде, 2022

Тунис жаңа конституция жобасын қабылдады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тунис Жоғары тәуелсіз сайлау комиссиясы 25 шілдеде өткен референдумда жаңа конституция жобасының қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тунис жаңа конституция жобасын қабылдады

Комиссия төрағасы Фарук Буаскердің айтуынша, сайлаушылардың 94,6%-ы Тунистің жаңа конституциясының жобасын қолдаған. Ал 5,4 % пайызы қарсы дауыс берген. 

Референдумға 2 630 094 сайлаушы қатысқан.

«Жоғарғы тәуелсіз сайлау комиссиясы Тунис Республикасының жаңа конституциясы жобасының қабылданғанын хабарлайды», деді Буаскер.