Әлем • 25 Шілде, 2022

АҚШ Қытайдан қауіптеніп отыр

218 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

АҚШ Таяу Шығыс пен Тынық мұхиты елдеріне «жорыққа» шықты. Өткен аптада Джо Байден Израиль, Палестина, Сауд арабиясына ат басын тіресе, АҚШ-тың Бас штабының басшысы, генерал Марк Милли таяуда Индонезияға келді. Сапар барысында өңірдегі қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселе көтерілді.

АҚШ Қытайдан қауіптеніп отыр

М.Милли Индонезияға сапары кезінде «Қытай әскері қауіпті бола бастады», деп мәлімдеді. The Guardian басылымының хабар­лауынша, Марк Милли Бейжіңнің «осал елдерге» ықпалды болуға ұмтылу әрекеті орынсыз деп сы­нады. Бас штаб бастығы Қытай­дың Тынық мұхитындағы әскери ұшақ­тары мен кемелерінің саны ке­йінгі кезде айтарлықтай артқа­нын мәлімдеді. АҚШ тарапы әріп­тестерімен бірге жүргізген барлау осындай нәтижені көрсетіп отыр.

Генерал Милли сондай-ақ Қытай, АҚШ және аймақтағы бас­­қа елдердің өзара қарым-қаты­на­сы туралы ақпарат жинауды тап­­сырғанын айтты. Қолда бар мә­­лі­меттерге сүйенген ол Қытай­дың әуе және теңіздегі әскери күш­­те­рінің саны аталған аймақта ай­тар­­лықтай көбейіп, ықпалын жүр­гі­зуге тырысып жатқанын жеткізді.

Айта кетерлігі, Марк Милли мұн­дай мәлімдемені Джакартадағы Индонезия қорғаныс министрімен кездесуі кезінде айтқан болатын. Сарапшылар мұны Индонезия президенті Джоко Видодоның Қытайға жоспарланған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келгенін, ел билігін ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын алға тартады. Джоко Видодо дүйсенбіде екі күндік сапармен Бейжіңге барды. Жоспар бойынша Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесуге тиіс.

The Guardian басылымы АҚШ-тың Бас штабының басшысы, генерал Марк Миллидің Үнді-Тынық мұхиты елдеріне келуінің басты себебі Қытайдан келетін қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған деп жазады. Келесі ап­тада ол Аустралияда өтетін Үнді-Тынық мұхиты қорғаныс бас­шыларының кездесуіне қаты­сады. Жиын барысында Қытай­дың күшейіп келе жатқан әскери әлеуе­тін, ұшақтары мен кемелер саны­ның өсуі және Тынық мұхитының еркін, ашық және бейбіт аймағын сақ­тау қажеттігі туралы пікір алмас­пақ.

Жалпы, АҚШ әскери шенеу­ні­к­тері Қытай Тайваньға басып кіреді деп дабыл қағып жүргеніне біраз болды. Енді барлаушылар мұндай әскери іс-қимыл 2027 жылға қарай басталуы мүмкін екенін алға тар­тады. М.Милли Қытай өзін өзі бас­­­­қа­­­ратын аралға қарсы әскери аран­­­­да­­т­у­шылықтарын күшейтіп, оны ком­­мунистік материкпен бі­рік­­­­­ті­­руді мақсат етіп отырғанын айта­ды. 

Сонымен қатар АҚШ пен қоса тағы бірқатар ел Бейжің және Соло­мон аралдары қол қойған қауіп­сіздік келісімі Қытайдың Тынық мұхитының оңтүстігінде әскери-теңіз базасын құруға әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл мәселені АҚШ пен Аустралия негізінен Соло­мон аралдарына бұған дейін ескерткен еді. Олар Қытай әске­ри базасын орналастыруды қабыл­дауға болмайтынын айтып, алдын алу шараларын қолға алды. Деген­мен оларға екіжақты қол қойған қауіпсіздік келісімінің мәтіні әлі күнге дейін беймәлім болып отыр.

«Бейжің өз мақсаттары үшін ғана ақпарат таратуға тырысатын аймақ. Негізі алаңдататыны, Қы­тайдың Соломон аралдары секілді елдерге көмектесу ниетінің «түзу» еместігі. Олар Индонезияда да, Со­ломон аралдарында да осы аймақ­тағы ықпалын кеңейтуді ғана көз­дейді. Ал бұл Үнді-Тынық мұхи­тындағы одақтастарымыз бен серік­тестеріміз үшін қауіпті», деді Марк Милли журналистерге берген сұхбатында.

Қазіргі кезде Байден әкімшілігі Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы елдермен әскери және қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту және Қытайдың үдеп келе жатқан ықпалына қарсы тұру науқанын жариялап, саяси-стра­тегиялық қадам жасауға көшті. Мәселен, өткен жексенбіде Индо­незия армиясының бас қолбас­шысы, генерал Андика Перкасамен кездескен Марк Милли Индонезия секілді Тынық мұхитындағы елдер АҚШ әскерінің күшіне сенім білдіре алатынын айтты.

«Қытайдан келер кез келген қауіпті еңсеруге қауқарлымыз. Ол үшін бірігіп жұмыс жасауымыз қажет», деді АҚШ генералы. Ол сондай-ақ Индонезияның Үнді-Тынық мұхиты аймағы үшін стра­­тегиялық маңызы бар екенін және бұрыннан АҚШ-тың негізгі серіктесі екенін тілге тиек етті. Сапар соңында Андика Пер­каса журналистерге Қытайдың Индо­не­зиямен аумақтық дауларға бай­ланысты әскери-теңіз кемелерге қауіп төндіріп отырғанын мәлім­деді.

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары генерал Марк Миллиді Қытайдың «әлемді соғыссыз жаулап алу» саясатына бұрыннан қарсы шығып келе жатқан тұлға ретінде таниды. Ол Индонезия, Соло­мон аралдары, Тайвань секіл­ді елдерге Қытайдың әскери база салу жоспарын әшкерелеп, дабыл қағып жүргеніне де біраз уақыт болды. Сарапшылар алдағы аптада Аустралияда өтетін Үнді-Тынық мұхиты қорғаныс басшы­ларының кездесуінен нәтиже күтіп отыр. Осы орайда мамандар АҚШ пре­зидентінің Таяу Шығысқа сапа­ры «жемісті» болмағанын айтады.

Байден билікке келгеннен кейін Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды тоқтатып, тақ мұрагерімен сөйлесуден бас тартқан болатын. Бірақ Украинаадғы соғыс АҚШ президентінің пікірі мен ұста­ны­мын өзгертуге итермеледі. Оның бір себебі – әлемдегі жанармай баға­сының шарықтауы. АҚШ Сауд Арабиясынан бағаны төмен­дету үшін мұнай өндіру көлемін арт­тыруды сұрады. Бастапқыда Эр-Рияд бұл өтінішті бірден қабыл­дамаған. Әйтсе де, көп ұзамай-ақ АҚШ президентінің сапарынан бір­неше күн бұрын «қара ал­тынды» тонналап шығаратын ел ши­кізат көлемін шамалы есеге ғана арттыруға келісті.

Бірақ ВВС хабарлауынша, бұл сапар барысында Байден өндірісті барынша ұлғайту мәселесіне қол жеткізе алмады. Негізі АҚШ Стра­тегиялық және халықаралық зерт­теулер орталығының (CSIS) энерге­тикалық қауіпсіздік бойын­ша сарапшысы Бен Кэхиллдің ай­туынша, қазіргі таңдағы ала­сапыран кезеңде энергия нарық­тарын ұзақмерзімді басқару басты назарға алынуға тиіс.

«Менің ойымша, Ақүйде­гілер телефон арқылы Сауд Арабиясынан басталатын көптеген тараппен мұнай өндіру мәселесі бойынша конструктивті диалог жүргізуді жоспарлап отыр», деді ол. Сонымен қатар сарапшылар Джо Байден араб елдерінің Израильмен қауіпсіздік саласындағы тығыз байланыстарына көбірек назар аудара отырып, Израильдің Сауд Арабиясымен қарым-қаты­насын қалыпқа келтіруді көздей­ді. Ондағы басты мақсат – Иран мен оның одақтастары тарапы­нан жа­сақталған зымыран қаупімен күресу үшін әуе қорғаныс жүйе­лерін үйлестіруді талқылау. Деген­мен сапар кезінде бұл тақырып қозғалған жоқ. Сарапшылар Сауд Арабиясы Израильмен жасырын түрде ынтымақ құрып отырғанын айтады. Бірақ Палестина қақты­ғысын шешу үшін одан әрі әрекет етуден бас тартқан.

Дегенмен екі ел арасындағы қарым-қатынас алға жылжи бас­тады. Мәселен, бүгінде Сауд Ара­биясы өзінің әуе кеңістігіне кіре­тін Израиль рейстерінің санын ұлғайтты. Сондай-ақ ол Израиль­ден келетін мұсылман қажы­ларына тікелей рейстермен қатынауға рұқсат берді.