Оқиға • 25 Шілде, 2022

Атырау облысында автокөлік 24 қойды қағып кетті

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жеңіл көлік 24 қойды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында автокөлік 24 қойды қағып кетті

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. Сағат 6:30 шамасында «Атырау-Ақтөбе» тасжолының 400-шақырымындағы Жантерек елді мекенінің тұсында RAVON R4 жүргізушісі 24 бас қойды қағып кеткен.

Бақташы малды жолдың белгіленбеген жерінен өріске айдап өтпек болған. Соның салдарынан 1 млн 200 мың теңгенің материалдық шығыны келген.

«Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін қой бағуға шыққан адамға құқық бұзушы ретінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», делінген полиция хабарламасында.