Қоғам • 25 Шілде, 2022

Бір аптада үш мыңнан аса қылмыс жасалды – ІІМ

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір аптада үш мыңнан аса қылмыс жасалды – ІІМ

«Бір апта ішінде 3 265 қылмыс жасалды. Оның 2 053 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 12 кісі өлтіруді, 9 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 39 тонау және 475 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын «ізін суытпай» ашты», деді Ақтоты Боранова ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.