Спорт • 20 Шілде, 2022

Қазақстан балуандары Тунистегі турнирде жеті медаль жеңіп алды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Қазақстан командасы Тунистегі рейтингтік турнирде жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан балуандары Тунистегі турнирде жеті медаль жеңіп алды

86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков және 92 келіге дейінгі салмақта Әбдіманап Байгенжеев алтыннан алқа тақты.

Ал Талғат Сырбаз 70 келіге дейінгі, Болат Сақаев 79 келіге дейінгі және Мамед Ибрагимов 97 келіге дейінгі сында екінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ Алдан Асқаров 65 келіге дейінгі салмақ және Әлішер Ерғали 125 келіге дейінгі турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Жалпы командалық есепте Қазақстан үшінші орын алды.