Қоғам • 18 Шілде, 2022

Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі қайта бекітіледі

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігінің Әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесі қайта бекітіледі

2022 жылғы екінші маусымда Үкіметтің № 357 қаулысымен Қорғаныс министрлігі туралы ереженің жаңа редакциясы қабылданған болатын. Осыған байланысты, 15-тармақтың 167-тармақшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрықтың күші жойылды және қайта бекітуге жатады.

Ережеде әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің алдын алу жөнінде әскери басқару органдары қабылдайтын іс-шаралар кешені көрсетілген. 

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінен биылғы жылдың 1 тамызына дейін танысуға болады.