Қоғам • 18 Шілде, 2022

Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейсі ашылады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Ресейдің авиация билігімен бірлесіп, Алматы – Уфа жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан Уфа қаласына жаңа әуе рейсі ашылады

Ресейлік «Red Wings» әуе компаниясы биыл 4 тамыздан бастап Алматы – Уфа бағыты бойынша ұшады. Рейс бейсенбі сайын, аптасына 1 рет орындалады.

Сондай-ақ 4 тамыздан Нұр-Сұлтан – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі ашылады. Әуе рейсі аптасына бір рет, бейсенбі сайын ұшады. 

Жолаушылар SU-95 типті ұшақпен тасымалданады. Билеттер әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.
 
Авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.