Қазақстан • 18 Шілде, 2022

«Казахавтодордың» акциялары «ҚазАвтоЖол» компаниясына өтеді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казахавтодор» серіктестігінің акциялары мен мемлекеттік қатысу үлесі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Казахавтодордың» акциялары «ҚазАвтоЖол» компаниясына өтеді

«Казахавтодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз акциялары мен мемлекеттік қатысу үлесі «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына берілсін. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын», делінген құжатта.

Қаулыда аталған шешім қабылданса, автомобиль жолдарын пайдаланушылардың шағымдарына жедел әрекет ету мүмкіндігі артады. Сонмен қатар, компанияларды біріктіру кезінде екі кәсіпорында да қайталама міндет атқаратын қызметкерлер саны қысқартылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің бұл шешімі ашық талқылауға шығарылды.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.