Аймақтар • 18 Шілде, 2022

Алматыдағы ең ірі көтерме сауда орталығы мемлекетке қайтарылады

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Алматыдағы ең ірі көтерме сауда нарығын мемлекетке қайтару жоспарланып отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы ең ірі көтерме сауда орталығы мемлекетке қайтарылады

«Алматыда олигополиялардың бірінің ірі көтерме сауда нүктесіндегі үлесі бес есе төмен бағамен (нарықтық құны - 1,5 млрд бола тұра 307 млн теңгеге сатылды) сатылғаны анықталды», делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Комиссияда нақтыланғандай, 2022 жылғы шілдеде мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару мақсатында талап-арыз енгізілген.

Сондай-ақ 2019 жылы «Салтанат үйі» ЖШС атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша объект сатылғаны анықталды, ал нысанның нарықтық бағасы 3 млрд теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше