Ауа райы • 17 Шілде, 2022

17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК шілденің 17-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігіндегі ауа райына Солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді.  Облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел күшейеді. Елдің солтүстігінде, шығысында дауыл тұрып, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түсіп, күндіз оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Тек еліміздің оңтүстік бөлігінде антициклон жотасы әлі де жауын-шашынсыз күн райын сақтайды.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.