Спорт • 15 Шілде, 2022

Юлия Путинцева Будапешт турнирінің ширек финалына шықты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Hungarian Grand Prix WTA 250 турнирінің чемпионы қазақстандық Юлия Путинцева титулды сәтті қорғап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева Будапешт турнирінің ширек финалына шықты

Жарыстың екінші раундында біздің теннисші Бразилиядан келген Лаура Пигоссиді 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Кортта спортшылар 2 сағат 16 минут уақыт өткізді. Осы уақыт ішінде Юлия бір рет те қарсыласқа дес бермей, артынан алты брейк жасады.

Ширек финалда Юлия Путинцева украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.