Аймақтар • 09 Шілде, 2022

Таразда полицей тұмылдырықсыз жүрген питбуль итіне оқ атты

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда полицей тұмылдырықсыз итке қару кезенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда полицей тұмылдырықсыз жүрген питбуль итіне оқ атты

8 шілде күні сағат 13:50 кезінде 102 қызметіне Тараз қаласындағы дәріханаға қарама-қарсы бетте екі белгісіз ер адам спирттік ішімдік ішіп отырғаны, ал олардың жанында төбелесетін ит тұмылдырықсыз жүргені туралы хабар түсті.

Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылы туған жергілікті екі тұрғынды анықтады, оларға жолай өтіп бара жатқан адамдар шағымданған.

43 жастағы ер адам «питбультерьер» тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді.

Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды.

Қайғылы оқиға орын алмас үшін Тараз қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы табельдік қарудан оқ атқан.

Зардап шеккендер жоқ. Ит тірі және иесінің әйеліне қайтарылды.