Қоғам • 08 Шілде, 2022

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот шешімімен Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы созылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзартылды

«2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», делінген Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан ақпаратта.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.

Аяна Тоғанбек