Қоғам • 28 Маусым, 2022

Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі

Заң қаржылық пирамидаларды жарнамалауға тартылған адамдардың жауапкершілік дәрежесін анықтауға, аражігін ажыратуға және жасалған құқық бұзушылыққа мөлшерлес жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді.

Құжаттың мақсаты – қаржылық пирамиданы құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін жауаптылықты күшейту, сондай-ақ азаматтарды қаржылық пирамидаға тартуға алып келген ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты заңнамалық реттеуді қамтамасыз ету.

Заң жобасымен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

  • Қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құрғаны және оларға басшылық жасағаны үшін жазаны қатаңдату;
  • Қаржылық (инвестициялық) пирамида ақпаратын айтарлықтай залал келтіре отырып, оған адамдарды тартуға алып келген жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу;
  • Қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалағаны үшін тергеуге жататындығын айқындау.

Сондай-ақ палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» ілеспе заң жобасын да қабылдады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда қаржы пирамидалары қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі екенін және қаржы алаяқтығымен күресу мақсатында қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызы зор екенін айтты.

«Қабылданған заңдарда қаржы пирамидаларының жарнамасын қылмыс деп тану және оларды құрып, басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделген. Бұл заңдар азаматтарды заңсыз қаржы және инвестиция жобаларына тартудан қорғауды күшейтеді. Сондай-ақ жаңа нормалар қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді деп сенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024